Колледждер альянсы аясында «Түсті металлургия» мамандығының 2-курс студенттері үшін «Казцинк» ЖШС-не танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында білім алушылар өндірістік үдерістермен, заманауи жабдықтармен және металлургия саласы мамандарының жұмыс ерекшеліктерімен танысты.
Осындай іс-шаралар білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейтуге және болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.