Қайрымдылық — қасиетті іс!
«Наурызнама» мерекесі аясында бүгін біздің колледжде ерекше күн — Қайрымдылық күні өтті.
Біздің колледж тек оқу мен сессия емес, бұл, ең алдымен, мейірімді жүректі үлкен де тату отбасы. Студенттердің, оқытушылардың және әкімшіліктің күш-жігерін біріктіре отырып, біз қазіргі уақытта қолдауға мұқтаж жандарға азық-түлік жинау акциясын өткіздік.