2026 жылғы 12 қарашада Жоғары техникалық-гуманитарлық колледж базасында «Қазақстан – Қытай: техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Қытай Халық Республикасының делегациясы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы өкілдері және өңірдегі колледж директорлары қатысты.

Кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Әлима Ақылбекқызы қатысушыларға құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырды.

Дөңгелек үстел аясында «100 колледж» Қазақстан–Қытай альянсы шеңберіндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу, заманауи білім беру технологияларын енгізу және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды.

Мұндай халықаралық кездесулер кәсіби білім беру саласындағы серіктестікті нығайтуға, озық тәжірибелерді игеруге және білім алушылар мен педагогтер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға жол ашады.