Көрісу күні құтты болсын!
Бүгін біздің колледжде ерекше таң — біз шынайы құшақтасу мен ақ тілектер күні — Көрісу күнін атап өтудеміз!
Бұл мереке — көктемгі жаңарудың символы және «Наурызнама» онкүндігінің бастауы. Игі дәстүр бойынша, біздің студенттеріміз бен оқытушыларымыз таң ертеңнен бастап бір-біріне қол беріп, «Бір жасыңмен!» деген жылы лебіздерін білдіруде.