«Өндірістегі 10 күн»: жұмыс берушілердің талаптары негізінде мамандардың моделі әзірленді
Жоғары техникалық-гуманитарлық колледжінде «Өндірістегі 10 күн» акциясы аясында жұмыс берушілердің заманауи талаптарын зерделеу және білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының нақты қажеттіліктеріне сәйкес өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
Акцияның негізгі мақсаты — колледж бен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ студенттерді даярлау мазмұнының қазіргі өндіріс талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде төрт біліктілік бойынша маманның моделі әзірленді:
Техник-металлург
Техник-құрылысшы
Техник-механик
Ақпараттық жүйелер технигі
Маман модельдерін әзірлеу барысында жұмыс берушілердің талаптары мен ұсыныстары, заманауи өндірістік процестер, қолданылатын технологиялар мен жабдықтар, сондай-ақ түлектің кәсіби қызметін тиімді жүзеге асыруы үшін қажетті білім, білік және дағдылар ескерілді.
Ерекше назар кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға және білім алушылардың теориялық білімін нақты өндірістік міндеттермен байланыстыруға аударылды.
Жұмыс берушілерден алынған ұсыныстар негізінде тиісті бағыттар бойынша білім беру бағдарламалары өзектендірілді. Бағдарламалардың мазмұны қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіріліп, практикалық даярлықты күшейтуге, кәсіби құзыреттерді дамытуға және өндірістік оқытудың тиімділігін арттыруға бағытталды.
«Өндірістегі 10 күн» акциясы колледждің әлеуметтік серіктестік жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды. Жұмыс берушілермен тікелей өзара іс-қимыл жасау колледжге еңбек нарығының өзгермелі талаптарын ескеруге және заманауи, бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие мамандарды даярлау моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жоғары техникалық-гуманитарлық колледж — өндіріс талаптарына бағытталған сапалы білім мен кәсіби мамандар даярлайтын оқу орны.